Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Сұлтан Бектөре Жеңісбайұлы есептік кездесу өткізеді.

2022 жылы 14 сәуір күні сағат 09:30-да Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Сұлтан Бектөре Жеңісбайұлының халық алдында есептік кездесуі онлайн режимде өтеді.

Кездесу барысында Полиция департаментімен атқарылып жатқан жұмыс нәтижелері туралы баяндалады.

Есептік кездесу Полиция департаментінің «Facebook» әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде өтеді. Сұрақтар және ұсыныстар туындаған жағдайда press-sluzhba-dvd@mail.ru электрондық мекенжайға және әлеуметтік желілердегі департаменттің ресми парақшаларына мессенджер арқылы жолдауға болады.

Тағы да оқыңыз: