Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық ардагерлер ұйымының жүйелік құрылымдарын жетілдіру бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.
Бүгін Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің кезекті алқа мәжілісі өтті. Жиынға Алқа мүшелері, тұрақты комиссия төрағалары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жиында Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев модераторлық етіп, күн тәртібіндегі мәселелерді ортаға салды.
Алқа мәжілісінің күн тәртібінде ардагерлер ұйымдарының әртүрлі бағыттар бойынша атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттері таныстырылып өтті. Сондай-ақ тұрақты комиссия мүшелері ардагерлерді әлеуметтік-құқықтық қорғау, медициналық көмек көрсету, сауықтыру және мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар айтылды.
Сонымен қатар Жаңақорған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов аудандық деңгейде атқарылған жұмыстар туралы баяндама, жасап, алдағы жоспарлармен де бөлісті.
Сондай-ақ алқа мәжілісінде ішкі құрылымды жетілдіру мақсатында ұйымдастырылатын облыстық форумды өткізу уақыты келісілді.
Жиын соңында белсенді ардагерлерге қолдау көрсету мәселесі қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.

