Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қалалық Полиция басқармасына алаяқтың құрбаны болған 1988 жылы туған қала тұрғыны арызданды.
“Белгісіз ер азамат жәбірленушіден «Тенгиз» газ-мұнай кен орнына жұмысқа тұрғызуға уәде беріп, 200 000 теңге ақшасын алдап алып кеткені анықталған. Уақыт өте келе, ақшаны алған ер азамат телефон қоңырауларына жауап бермей, бүгінгі күнге дейін өз уәдесін орындамаған. Алаяқты ұстау мақсатында полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде 1984 жылы туған қала тұрғыны ұсталды”, – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (алаяқтық, яғни алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен бөтеннің мүлкін ұрлау немесе бөтеннің мүлкіне құқық алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы жасалды.