Kyzylorda-news.kz. Былтыр облыстың бірқатар шаруашылықтары «Басым дақылдарды субсидиялау» бағдарламасына бөлінген қаражаттың толық игерілуіне байланысты субсидия ала алмай қалған болатын.

Осыны ескере отырып, Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыныстар жолданып, қолдау тапты.

“Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, 2019 жылдың төртінші тоқсанында өңдеуге өткізілген күріш тоннасына субсидия төленетін болады. Субсидия нормасы Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылдың 18 маусымындағы №56 «Басым дақылдардың тiзбесін және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, өңдеуге өткізілген күріштің әр тоннасына 3500 теңгеден белгіленді”,- делінген ауыл шаруашылығы басқармасының таратқан хабарламасында.

Қазіргі уақытта Qoldau.kz веб-порталына субсидия нормалары мен бұйрықтарды енгізу, жұмыстары жүргізілуде. 2020 жылғы шілде айының
20 жұлдызынан бастап «Басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялау» бағдарламасы бойынша өтінімдер Qoldau.kz веб-порталы арқылы қабылданатын болады.

Тағы да оқыңыз: