Kyzylorda-news.kz. Биыл Қызылорда облысында «Крещение» мерекесінде өзенге суға түсуге тыйым салынды.

Өйткені мұз өткен жылмен салыстырғанда ерте қатқан. Ағысының да жылдамдығы жоғары. Жалпы, Сырдария өзенінде судың тереңдегі 3 метр. Сол себепті дарияға түскен адамды ағыс алып кету қауіпі бар.

“Қаладағы ескі базар жанында орналасқан құтқару стансасы маңында су алушыларға арнайы ойық әзірленді. Алайда, шомылуға болмайды. Тек су алуға ғана рұқсат етіледі. Сондай-ақ, шаһардағы православие шіркеуінде арнайы бассейн бар. Яғни, 18 қаңтар күні шіркеуге барып, суға шомылуға болатынын ескертеміз. Қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында 25 адам кезекшілікпен жұмыс істейді. Төрт техника жұмылдырылды. Бұған қоса, волонтерлар да ат салысатын болады”,-деді облыстық ТЖД Жедел құтқару жасағының басшысы Бақыт Ембергенов.

“Биыл өзенге барып шоқына алмайтындықтан, діни рәсімдер шіркеуде өткізіледі, -деді Қызылорда қаласындағы православие шіркеуінің настоятелі Виталий Ивашинин.

Тағы да оқыңыз: