Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне конкурс рәсімдеріне байланысты 1356 шағым келіп түсті.

Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті өз құзыреті шегінде осы заңда және камералдық бақылау жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіппен мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру арқылы мемлекеттік аудит объектісіне бармай-ақ мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне күнделікті камералдық бақылау жүргізеді.

Өткен жылғы камералдық бақылау қорытындысы бойынша департаментпен 433 640,9 млн теңгеге 6753 лот қамтылды. Оның ішінде 52 504,8 млн теңгеге 2 102 хабарлама бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу нормаларын бұзу жағдайы анықталды. Өткен жылдың 31 желтоқсаны бойынша есепті кезеңге аудит объектілері 2102 хабарламаның 2097-ін орындады. Оның ішінде 5 хабарлама бойынша орындау мерзімі аяқталған жоқ. Аудит объектілерінің жіберілген хабарламаны орындамауы үшін департамент осы заңның 32-бабында және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру бойынша камералдық бақылауға ден қою шараларын қабылдады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген 462-баптың 3-бөлігі бойынша 84 507 теңге өндіріп алынды.

Сонымен қатар конкурс рәсімдеріне шағымдану шеңберінде департаментке 1356 шағым келіп түсті. Оның ішінде 588 шағым толық және ішінара қанағаттандырылды. Сондай-ақ 768 шағымды қанағаттандырудан бас тартылды.

Тағы да оқыңыз: