Kyzylorda-news.kz. Қызылордада көрнекі ақпараттарда тіл туралы заңнама талаптарын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен арнайы топ өкілдері Қызылорда қаласындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 21-бабының талаптарын сақтау қажеттігін түсіндірді.

Бизнес субъектілеріне көрнекі ақпаратты заңнамаға сәйкес ресімдеу бойынша таратпа материалдар берілді.

Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Тағы да оқыңыз: