Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында Сырдария өзені үстіндегі көпірден суға секірген жасөспірім қыз құтқарылды.
Оқыс оқиға 25 сәуірде жергілікті уақытпен сағат 18-00 шамасында болған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне Ғ.Мұратбаев көшесі бойындағы Сырдария өзені үстінен сол жағалауға өтетін көпірдің үстінен жасөспірім қыздың суға секіріп кеткені жөнінде хабардама түсті.
«Оқиға орнына жедел құтқару жасағынан 4 құтқарушы 1 техникамен жетті. Құтқарушылар 2008 жылғы жасөспірім қызды сол жерде байқаған адамдардың жағаға шығарғанын анықтады. Одан кейін жасөспірім қызды зембілге салып, жедел жәрдем қызметінің мамандарына тапсырды», – деп жазылған департамент таратқан хабарламада.
