Қызылорда: Карантин кезінде 420 заңбұзушылық анықталды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылорда: Карантин кезінде 420 заңбұзушылық анықталды

11.09.2020, 10:40

120 0

Kyzylorda-news.kz. Карантин талаптары жеңілдетілгеннен бері жұмысын қайта бастауға кәсіпкерлерден 9634 өтініш түсті. Оның 440-ы қанағаттандырудан бас тартылды. Бұл туралы қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Сыздықова мәлімдеді.

Шілде айынан бері карантин талаптарының сақталуын қадағалау бойынша 1882 рейд жүргізіліп, 420 заңбұзушылық анықталды. Оларға жалпы сомасы 18 612 600 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

«Ең көп кемшілік азық-түлік дүкендері, сауда үйлерінде анықталды. Жеке үйлерде той жасаған 130 адамға айыппұл салынды. Қоғамдық тамақтану, семинарлар өткізу секілді кемшіліктер кездесті»,- деді Гүлмира Жамбылқызы.

Ал 164 дерек маска тағу ережесін бұзуға қатысты, жұмыс жасау уақытының шектелуін бұзу бойынша – 48, тыйым салынған нысандардың қызмет көрсетуі бойынша – 37, залалсыздандыру талаптарының сақталмауы және адамдар арасындағы арақашықтықтың сақталмауы бойынша – 25 талап бұзушылық орын алды.

0

Пікір қалдыру