Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласының бірқатар кәсіпкерлері қала шекараларында орнатылған блок-бекеттерде тұрған әскери, медициналық, полиция және басқа да қызметкерлерді түскі аспен қамтамасыз етіп, игі істің бастамашысы болуда.

Қаладағы мейрамхана иелерінің бұл ісі көңіл қуантады.

Дегенмен, бұл блок-бекеттерде қызмет көрсетуші азаматтар қала әкімдігі тарапынан 5 мезгіл тамақпен толық қамтамасыз етілген.

Сондықтан, қала кәсіпкерлерінен, барша волонтерлерлік ұйымдардан осы бағыттағы кез келген көмек түрін қаладағы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, карантинге оқшауланған үйлердің тұрғындарына көрсетуді ұсынады.

Тағы да оқыңыз: