Kyzylorda-news.kz. Жыл көлемінде Қызылорда облысындағы кәсіпорындар мен мекемелерге 58 тексеру жүргізілді. Оның ішінде 54-і жоспардан тыс тексеру, 4-і субъектіге бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау тәртібіндегі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасының басшысы Төреахмет Жолымбетов мәлімдеді.

“Жалпы облыста тексерулер нәтижесімен 97 заңбұзушылық анықталды. Оның ішінде еңбек заңнамасы бойынша 80, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау заңнамасы бойынша 17. Оларды жою және болдырмау жөнінде 44 нұсқама беріліп,оның 34-і орындалды. Жалпы 6 айда 12 әкімшілік шара көріліп, оның ішінде 3 ескерту, 901 340 теңге мөлшерінде 9 айыппұл салынды. Бүгінгі күнге 662 660 теңге мөлшерінде 7 айыппұл өндірілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 9 ірі және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 3751 жұмыскерлеріне 383,4 млн теңге жалақы қарызы төленді. 2020 жылғы 1 қаңтарға облыс бойынша 2 мекемедегі 34 жұмыскерге 13,3 млн теңге жалақы қарызы қалыптасып, толық төленді”, – деді Төреахмет Сайлаубайұлы.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 1 шілдесіне жалақыдан қарызы бар жағдай тіркелмеген. Қазіргі кезде облыс бойынша үш айдан астам жалақыдан қарызы бар мекемелер жоқ.

Тағы да оқыңыз: