Қызылордада биыл 750-ге жуық азамат әскерге аттанады – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада биыл 750-ге жуық азамат әскерге аттанады

22.10.2021, 17:31

309 0

Kyzylorda-news.kz. Биылғы жылы 750-ге жуық Сыр елінің азаматтары Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады. Қазіргі таңда ҚР Қарулы күштері қатарына 145 азамат әскерге жолданды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Айдын Сағынбеков мәлімдеді.

«Биыл шекара қызметіне 100-ге жуық азамат мерзімді әскери қызметке жолданды. Ал ҚР Ұлттық ұлан қызметіне 300 сарбаз аттанбақшы. Азаматтарды жөнелту жұмыстары барлық санитарлық талаптарға сәйкес жүргізілуде. Қалалық және аудандық шақыру пунктеріне санитарлық посттар қойылды. Сондай-ақ, облыс әкімінің қаулысы негізінде облыстық жиын пунктінде қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша полиция патрулі және жол патрульдік полиция қызметкерлері қамтылды. Әскери бөлімдерге елімізді қорғауға қабілетті, денсаулығы мықты азаматтар жөнелтілетін болады», – деді Айдын Сағынбеков.

«Қала және аудан әкімдерінің қаулыларына сәйкес медициналық комиссияларда тәжірибелі дәрігерлер қызмет етеді. Бүгінде азаматтарды әскерге жөнелту жұмыстары тиісті кестеге сәйкес өткізілуде. Сонымен қатар, әскер қатарына шақыру мәселелері бұқаралық ақпарат құралдарына жариялануда», – деді мерзімді әскери қызметке шақыру бөлімінің бастығы Нұржан Мелдебеков.

0

Пікір қалдыру