Қызылорда: Биыл 1-сыныпқа 19 мыңнан аса бала барады – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылорда: Биыл 1-сыныпқа 19 мыңнан аса бала барады

30.03.2021, 16:00

387 0

Kyzylorda-news.kz. Биыл бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау сәуір айының бірінен басталады.

Тамыз айының біріне дейін жалғасады. Өтінішті электронды түрде береді. Ал шалғай ауылдағылар үшін мектептерде құжатты қолма-қол тапсырады.

«Ата-аналар мектепті алдын-ала анықтауға мүмкіндігі болады. Тиісінше білім ұйымдары қажетті оқу құралдарын дайындайды», – деді облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова.

Бірінші сыныпқа алты жастағы балалар қабылданады. 2021-2022 оқу жылында облыс бойынша 1-сыныпқа 19 мыңнан аса бала барады деп күтілуде.

0

Пікір қалдыру