Kyzylorda-news.kz. «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Қызылорда облыстық филиалының мамандары былтыр аймақ жолдарына 516 мәрте тексеру жүргізді. Бұл туралы облыстық филиалдың баспасөз қызметі хабарлады.

Жылжымалы зертхана арқылы жолдардан 1383 сынама алынып, соның 480-і нормативтік талаптарға сай еместігі анықталған. Сондай-ақ, асфальт жабындысын аспаптық тексеру барысында 250 ақау шықты. Оның 79-ы өрескел олқылық.

“Сапа орталығы мамандарының сын-ескертпелерінен кейін 11008 шаршы метрді құрайтын сапасыз салынған асфальт бетон жамылғысы сүріліп, қайта төселді. Яғни, 31 миллион теңгені құрайтын бір жарым шақырым жолдың кемшіліктері түзелді деген сөз. Сондай-ақ, мемлекеттік мекеме тарапынан жол құрылысымен айналысатын компанияларға анықталған ақаулар бойынша хат жолданып, кепілдік мерзіміне сәйкес қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болады”, – делінген хабарламада.

Тағы да оқыңыз: