Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының Полиция департаментіне жыл басынан бері 34 мыңға жуық қоңырау келіп түсті.

Ағымдағы жылдың  10  айында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығының «102» арнасына 34 мыңға жуық қоңырау түсіп, полиция құзырына жататын  32 мыңнан астам хабарламаға қызмет көрсетілді.    

Бейнебақылау камерасының көмегімен 92  қылмыстың беті ашылды. Бейнебақылаушылар азаматтардан келіп түскен хабарламаларды қабылдау және өңдеу барысында барлық күдікті әрекеттерді, адамдардың мінез-құлқын және бейнебақылау камерасына түскен күмәнді тұлғаларды жедел тексереді.

Жыл басынан бері бейнебақылау камераларының көмегімен барлығы 14 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 12 мың жол қозғалысы ережелерін бұзу анықталды.

Тағы да оқыңыз: