Kyzylorda-news.kz. 1 маусым – Балаларды қорғау мерекесіне орай Қызылорда қалалық демалыс паркінде «Бақытты балалық шақ» атты концерттік бағдарлама өтті.

Қалалық білім беру ұйымдарының ұйымдастыруымен өткен мерекелік шараны облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова ашып беріп, Қызылорда облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалия Дәулетова мен қала әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов сөз сөйлеп, балаларды мерекемен құттықтады.

Шара қонақтары «Инстаграм», «Робототехника» және «Тик-ток» бекеттерінде қонақта болып, балалардың жұмыстарымен танысып, әр бекеттегі балғындармен  бірге естелік суретке түсті.

Шарада бүлдіршіндерге тәттілер табысталып, арнайы дайындалған мерекелік концертті тамашалады.

Тағы да оқыңыз: