Kyzylorda-news.kz. 2022 жылдың 31 наурыз күні сағат 21.00-ден бастап 01 сәуір күнгі сағат 06.00-ге дейін қаланың орталық ауыз су жүйелеріне және «Әль-Фараби», «Шанхай», «КБИ» тұрғын аудандарының су жүйелеріне жоспарлы жуу, шаю және залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.

Осы жұмыстарға байланысты төменде көрсетілген қалалық ауыз су жүйелеріне:

– қала орталығының ауыз су жүйелеріне 31 наурыз күні сағат кешкі 22.00-ден 01 сәуір күні сағат таңғы 06.00-ге дейін;

– «Әль-Фараби», «Шанхай», «КБИ» тұрғын аудандарының орталық ауыз су жүйелеріне 31 наурыз күні сағат кешкі 21.00-ден 01 сәуір күні сағат таңғы 06.00-ге дейін ауыз су беру уақытша тоқтатылатын болады.

Ауыз суды пайдаланар алдында кранды ашып хлордың иісі толық кеткенше ауыз суды пайдаланбауды сұраймыз.
Ведомстволық мекемелерде 2022 жылы 01 сәуір күні сағат таңғы 06.00-ден бастап суды ағызып хлордың иісі толық жойылғанға дейін жауапты кісілерді бекіту қажет.

Тағы да оқыңыз: