Қызылорда: №5 мектеп-интернат директоры тағайындалды – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылорда: №5 мектеп-интернат директоры тағайындалды

10.04.2021, 14:00

1816 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық білім басқармасының бұйрығымен «№5 көзі нашар көретін балалардың арнаулы мектеп-интернатының директоры лауазымына Жамбыл Ахметов тағайындалды. Бүгін жаңа басшыны ұжымға облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Ахметов Жамбыл Тұрсынбайұлы 1979 жылдың 31 мамыр күні Сырдария ауданы, Бесарық кеңшарында дүниеге келген.

Білімі жоғары. Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінің «Тарих және мұрағат ісінің» маманы, «Болашақ» университетінің «Дефектолог» маманы.

Еңбек жолын облыстық гимназияда география пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. №15 қалалық гимназияда тарих пәнінің мұғалімі, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Қызылорда қаласы, Талдыарал ауылындағы №215 мектеп директоры қызметін атқарған.

2007 жылы Қызылорда облысы әкімі аппаратының әлеумметттік-саяси бөлімінің әлеуметтік бағдарламаларды талдау және мониторинг секторының бас инспекторы, облыс әкімі аппараты, ұйымдастыру–инспекторлық бөлімі меңгерушісінің орынбасары, облыс әкімі аппараты, Ұйымдастыру–инспекторлық бөлімінің меңгерушісі, облыстық білім басқармасы бөлім басшысы қызметтерін атқарған.

2010 жылдан осы кезге дейін облыстық балалар оңалту орталығының директоры қызметін атқарды.

0

Пікір қалдыру