Kyzylorda-news.kz. ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды.

2021 жылдың 20 сәуіріндегі жағдайы бойынша:

«Қызыл аймақта» Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр.

«Сары аймақта» Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары тұр.

«Жасыл аймақта» әзірге Қостанай мен Түркістан облыстары ғана тұр.

Айта кетейік, 19сәуір күні Ақмола облысы «қызыл аймақтан» шығып «сары аймаққа» өткен болса, бүгін қайтадан «қызыл аймақта» орналасты.

Тағы да оқыңыз: