Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасының Жол жүрісі Қағидалары мен Кеден Одағының 018/2011 «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі» Техникалық регламентінде қыс мезгілінде желтоқсан, қаңтар, ақпан айларында қысқы дөңгелектермен немесе тиекті шиналармен жабдықталмаған көлік құралдарын  пайдалануға тыйым салынады делінген

Көлік құралдарына орнатылатын қыстық шиналар, ішінде қырау суреті бар үш шыңды тау түріндегі белгісі бар, сонымен қатар «М+S», «M&S»,    «M S» белгілерімен таңбалануы тиіс.

 “1-ші желтоқсаннан бастап, көрсетілген талаптарды бұзған көлік  жүргізушілеріне қатысты, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 590-«Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бабының, 5-«Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларына сай келмейтін көлік құралдарын басқару» бөлігіне сәйкес, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынатынын ескертеміз”, – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Тағы да оқыңыз: