Kyzylorda-news.kz. «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері өңірде жұмыс сапарымен жүрген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы депутатық фракциясының мүшесі Балайым Кесебаевамен бірге «Жұмыспен қамту Жол картасы 2020» бағдарламасы аясында облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған интернатта болып, Жол картасы аясындағы жасалып жатқан жұмыстарға мониторинг жүргізді.

Атап өту керек, өңірде  Жол картасы аясында  ағымдағы жылы 276 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Олардың қатарында облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған интернатта бар.

Ірге тасы 1957 жылы қаланған ғимараттың ағымдағы жөндеу жұмыстарына  Жоба бойынша бюджеттен 28 млн.499 мың теңге қаржы бөлінген. Жөндеу жұмыстарын «РБ-Строй» ЖШС-і мекемесі  жүргізуде. Мердігерлердің айтуынша 27 азаматты жұмыспен қамтып отыр.

Зерделеу жұмыстары аясында комиссия мүшелері құрылыс материалдарының сапасыздығы (мәселен,ішкі бөлмелердегі есіктер), жұмыскерлер жалақысының қолма-қол берілуі, құрылыс жұмыстардың мерізімінен кешігіп орындалып келе жатқандығын анықтап, мердігер мекеме басшысына ескертті.

Мәселе партиялық бақылауға алынып, кемшіліктердің орындалуы аясында алдағы уақытта қайта зерделеу жұмыстары жүргізілмек. Барлық мәселелер хаттамаға енгізіліп, тиісті органдарға жолданатын болады.

Тағы да оқыңыз: