Құрбан айттағы ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті сақтаңыз – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Құрбан айттағы ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті сақтаңыз

31.07.2020, 9:30

192 0

Kyzylorda-news.kz. Құрбан айт – ең үлкен мұсылман мерекесі. Бүгінгі күні діни құндылықтарды насихаттауға, құрбандық шалуды жандандыруға, қоғамда қайырымдылық шараларының көптеп ұйымдастырылуына мұсылмандар тарапынан көбірек көңіл бөлінуде.

         Құрбандық шалу барысында көптеген әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға садақа берілетіндіктен құрбандыққа дені сау, ауру-сырқаудан аман ауыл шаруашылығы жануарлары шалынуы тиіс. Ізгі ниет қабыл болуы үшін буаз немесе ауырып тұрған әлсіз жануарларды союға болмайды.

Сондықтан құрбандыққа шалынар жануарды жергілікті жердегі мемлекеттік ветеринариялық дәрігерге міндетті түрде тексертіп, тек қана ветеринар маманның рұқсатымен союға жіберу қажет.

Құрметті мұсылман қауым!

Құрбандыққа шалынар жануарларды мемлекеттік ветеринариялық дәрігердің клиникалық тексеруі нәтижесінде ветеринариялық құжат (ветеринариялық анықтама) рәсімделгеннен кейін арнайы мал сою орындарында сойылуын қаперге алуларыңызды сұраймыз.

Ниеттеріңіз қабыл болсын!!!

Қызылорда облысының ветеринария басқармасы

0

Пікір қалдыру