Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы көлемінде өтіп жатқан «Құқық тәртібі» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде 3 атыс қаруы тәркіленді. Облыс орталығында 358 жалдамалы пәтер тексерілді.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қармақшы аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторларымен қызмет атқару барысында 37 жастағы ауыл тұрғынының үйінде ІІО тіркеуде жоқ, 16-калибрлі, 2 ұңғылы, нөмірсіз аңшы мылтығын заңсыз сақтағаны анықталды.
Осы тектес дерек 18 қаңтарда Сырдария ауданында орын алды. Сырдария аудандық полиция бөлімінің қызметкері 53 жастағы аудан тұрғынының фазендасын тексеру кезінде ІІО-да тіркеуде жоқ, 16 калибрлі, «ИЖ» маркалы аңшы мылтығын заңсыз сақтағанын анықтаған.

Анықталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482–бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, сотқа жолданды.
Облыс бойынша барлығы 1301 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.

Ұсақ бұзақылықтың -127 дерегі тіркелсе, қоғамдық орында масаң күйде болудың-117 дерегі, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбаудың -2 дерегі, жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауының4 дерегі анықталды.

Сонымен қатар, спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру тәртібін бұзудың 150 дерегі, Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұрудың-148 дерегі, құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік органның заңды өкіміне немесе талабына бағынбау бойынша1 дерек анықталып,барлығы заңға сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

Тағы да оқыңыз: