Kyzylorda-news.kz. СҚО әкімі Құмар Ақсақалов Петропавлдағы жылу-электр орталығындағы апатқа қатысты түсінік берді.
«Мемлекет басшысы қысқа уақытта Петропавл тұрғындарын жылумен қамтуды тапсырды. Кешегі апатқа дейін 4 қазандық агрегаты жұмыс істеді. Апаттың салдарынан екеуі істен шықты. Түні бойы орталықта екі қазандық қана жұмыс істеді. Кешке қарай барлық төрт қазандық агрегаты қалалықтарды жылумен қамтиды, яғни орталық апатқа дейінгі жағдайда жұмыс істейді», – деді Құмар Ақсақалов.
Облыс әкімінің айтуынша, кеше апат орында бір адам жұмыс істеген. Қазір жұмысшы іздестіріліп жатыр. Басқа зардап шеккендер жоқ.
