Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қазыбек би көшесінде орналасқан Д-300мм шойын құбырда ақау орын алуына байланысты күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ол үшін «Қызылорда су жүйесі» мекемесі тарапынан 11 жұмысшы күші мен 6 арнайы техника жұмылдырылған.
Осыған байланысты қазіргі таңда Қазыбек би, Қонаев, Қазантаев, Өсербаев, Тоқмағамбетов, Әуелбеков, Сүлейменов, Толыбеков, Ілиясов, Әйтеке би, Әуезов, Тәжібаев (орталық) көшелерінде уақытша ауыз су тоқтатылды.