Kyzylorda-news.kz.  Еліміздің тарихи және мәдени маңызы бар көрнекті орындарының туристік әлеуетін арттыру мақсатында биылғы “Neo Nomad 2022” республикалық акциясын өткізу көзделуде.

Осы мақсатта Қазақстан ішінде туристер келуге ұсынылатын 20 көрнекті аймақтар таңдалып, оларға арнайы фотоспот фотоалаңдарын орнатылу жоспарланған.

Акция шартына сәйкес туристер тізімге енгізілген барлық 20 нысанды аралап, фототүсірілімдерде суретке түсу арқылы олардың әлеуметтік желілерде #NeoNomad2022 хэштегімен жүктеуі қажет.

Шартты орындаған туристер «NEO Nomad 2022» атағымен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болуға мүмкіндігі бар.

Бүгінде, фотоспотты бірінші болып Нұрсұлтан қаласында орнатылды. 20 көрнекті орынның ішінде облысымыздан Қармақшы ауданында орналасқан “Қорқыт ата” мемориалдық кешені енгізілген болатын.

Жоспарға сәйкес Қорқыт ата кешенінде фотоалаңды тамыз айында орнату көзделуде.

Тағы да оқыңыз: