Kyzylorda-news.kz. Ливанның Джуния қаласында 1-5 маусым аралығында самбодан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтті. Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетіп, 80 келі салмақ дәрежесі бойынша қарсыластарына дес бермеген Шынар Абатова Азия чемпионы атанды.

Шынар Абатова – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 2-курс студенті. Самбо, дзюдо және қазақша күрестен ҚР спорт шебері. Бұған дейін ол самбодан Азия чемпионатының күміс жүлдегері, ҚР-ның үш дүркін жеңімпазы атанған. Спортшының алдағы жоспары – Әлем чемпионатына қатысып, ел мерейін асқақтату.

Айта кету керек, Азия чемпионы Шынар Абатованы жанкүйерлері салтанатты түрде қарсы алды. Ел намысын қорғап, алтыннан алқа таққан жерлесімізге жиналған қауым ізгі-тілектерін білдірді.

Тағы да оқыңыз: