Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Мектепке жол» акциясы өтті – Kyzylorda News
Басты бет

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Мектепке жол» акциясы өтті

25.08.2021, 11:00

215 0

Kyzylorda-news.kz. Жыл сайын Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Мектепке жол» акциясы дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. 

Акция барысында 1 сынып оқушыларына қажетті құрал-жабдықтар мен киім-кешек үйлестіріледі. 

«Акцияға университет қызметкерлерінің балалары қатысады. Бұл іс-шараның мақсаты – әріптестерімізді әлеуметтік қолдау болып саналады. Бұдан бөлек, кәсіподақ ұйымы ардагерлерге үнемі құрмет көрсетіп,  мереке және атаулы күндер қарсаңында спорттық жарыстар мен түрлі құттықтаулар ұйымдастырып келеді»,-деді Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті кәсіподақ ұйымының төрағасы Айтжан Оразбақов.

0

Пікір қалдыру