Kyzylorda-news.kz. Қордай ауданында төтенше жағдай болған елді мекендер күл-қоқыстан тазартылып жатыр.

Бұл жұмыстарға Тұрар Рысқұлов, Шу, Меркі аудандарынан қосымша техникалармен жұмысшылар тартылды. Қазір үш ауылдың көшелерінде 40-тан астам техника мен 130-ға жуық адам жұмылдырылып отыр.

Айта кету керек, жанжал кезінде жалпы саны 36 тұрғын үй өртеніп, 11 кәсіпкерлік нысандары және 44 автокөлік жанып кеткен еді. Бүгінгі күнге дейін 100 тоннаға жуық қирандылар мен қоқыстар сыртқа шығарылып, тазартылған. Алайда кейбір нысандар мен тұрғын үйлердің аулаларындағы қоқыс түртілмеген күйі жатыр. Бұл арнайы комиссияның шығындарды есептеп, нақты көлемін анықтау үшін қажет. 

«Масанчи ауылының көшелерін бір аралап шығамыз. Күл-қоқыстарын тазалап. Түстен кейін екінші рет айналып, тазалау жұмыстары жалғасады. Осы аптаның аяғына дейін аяқтау жоспарда. Әрі қарай жұмыс алгоритм бойынша жалғастырамыз», – дейді Қордай аудандық ТКШ бөлімінің бас маманы Еркін Сарыбағыш.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Масанчи ауылының тұрғындары арасында жаппай төбелес болып, одан 10 адамның көз жұмғанын, қазіргі таңда осы оқиғаға қатысты Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған Үкіметтің комиссия жұмыс жасап жатқандығын хабарлаған болатынбыз.

Тағы да оқыңыз: