Қордайдың Масанчи ауылы неге дүрлігіп жатыр? – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қордайдың Масанчи ауылы неге дүрлігіп жатыр?

07.02.2020, 22:41

938 0

Kyzylorda-news.kz. Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Масанчи ауылының тұрғындары арасында жаппай төбелес болды. Бұл туралы Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Полиция күшімен конфликт шешілді, қақтығыс тоқтатылды, жағдай толық бақылауда. Жамбыл облысы Полиция департаментінің тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады», – делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі таңда төбелесті бастағандар мен қатысқандар анықталып жатыр. Аталған бап бойынша кінәлілерге екі жыл бас бостандығынан айыру немесе ірі айыппұл қаупі төніп тұр.

Жамбыл облыстық Полиция департаменті тұрғындарды тек ресми ақпараттарға ғана сенуге, жалған хабарламалар мен негізсіз ақпараттарды таратпауға шақырды. Сондай-ақ, полиция әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын  ескертті.

«Жалған ақпарат таратқаны үшін, оның ішінде әлеуметтік желілер мен жедел хабарлаушылар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз», – дейді департамент.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасындағы жазбасында Қордайдағы жаппай төбелесті арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болғанын атап өткен.

«Жамбыл облысы Қордай ауданында бұзақылық сипаттағы жаппай төбелес болды. Оны арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болған. Полиция жағдайды реттеп, өз бақылауына алды. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар жауапкершілікке тартылады», – деді Президент өз жазбасында.

0

Пікір қалдыру