Kyzylorda-news.kz. Өткен ғасырдың соңғы жылдары еліміз егемендік алды. Өз алдына дербес Тәуелсіз мемлекет болып қалыптасу үшін ең бірінші болашаққа бағдар-бағыт беретін Ата заң қажет еді. Сол кезде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен академик Сұлтан Сартаев пен Салық Зиманов және тағы басқа білімді де білікті әрі тәжірибелі заңгерлер Қазақстан Республикасының Ата заңын жан-жақты сараптап, елеп және екшеп жазып шықты. Сөйтіп, 1995 жылдан Қазақстан Республикасының Конституциясы – Ата заңымыз Егемен еліміздің барлық жағынан болашақта өсіп өркендеуіне үзбей қызмет етіп келеді. Міне, биыл сол қабылданған Конституцияға 25 жыл.
Ата заң аясында тұңғыш Президент- Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен ішкі істер органдарын жаңғырту жөнінде 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасы қабылданған болатын. 54 іс-шараны қамтитын бұл маңызды құжаттың талабы жүзеге асуда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев полицияның жұмысын жаңа деңгейге көтеруге аса назар аударып, тапсырма да берді.
Қызылорда облыстық құқық қорғау саласындағы полиция қызметкерлері өздеріне жүктелген жауапты міндеттерді осы Ата заң шеңберінде адал атқаруда. Егемен еліміздің қазіргі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы ішкі істер органдары қызметкерлерінің алдына жаңа міндеттер қойды. Сыбайлас жемқорлық, терроризм мен экстремизм, есірткі және есірткі бизнесі, мал ұрлығы, алаяқтық, кісі тонау мен өлтіру, ұрлық-қарлық, зорлық-зомбылық, жол- көлік оқиғаларының тым жиілеп кетуі сияқты тағы басқа түрлі қылмыстардың алдын алып оларды болдырмау және болған қылмыстың түрлерін тез арада жедел ашып анықтау жөнінде қатаң талап қойылды. Облыс аймағындағы Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері осы бағытта күндіз-түні аянбай жұмыс жасауда.
Құқық қорғау саласының қырандары Ата Заң аясында аянбай қызмет атқара береді.
Қазыбек ӘШІРБЕКҰЛЫ,
ҚР ІІМ-нің Еңбек және Құрметті ардагері,
Қызылорда облысы Полиция департаментінің ардагері
