«ҚАЗТЕСТ» жүйесі жаңа форматқа көшеді – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

«ҚАЗТЕСТ» жүйесі жаңа форматқа көшеді

14.11.2019, 16:00

393 0

Kyzylorda-news.kz. Елордада «ҚАЗТЕСТ жүйесінің жаңа форматы: даму перспективалары» тақырыбында тест  тапсырмаларын әзірлеушілер мен сарапшыларға арналған біліктілікті арттыру курсы өтті.

Курстың мақсаты – ҚАЗТЕСТ жүйесінің бүгінгі жай-күйі, жетістіктері мен алдағы бағыттары, тілдік білімді бағалаудағы озық тәжірибелермен танысу, қолдану, сонымен бірге, халықаралық тілдік білімді бағалау жүйелерінің мазмұнымен танысу арқылы қазақ тілін оқыту бойынша әдіскерлерге, оқытушыларға, ҚАЗТЕСТ сарапшыларына әдістемелік көмек көрсету.

Шара барысында тілдік білімді бағалаудағы тест тапсырмаларының ерекшеліктері талқыланып, ҚАЗТЕСТ жүйесінің жаңа форматы ұсынылды. Тест тапсырмаларын әзірлеушілерге ҚАЗТЕСТ-тің жаңа форматы негізінде әзірленген практикалық тапсырмалар таныстырылып, сарапшылар тарапынан бағасын алды. Тағы бір атап өтерлігі, курс тыңдаушылары «Қырғызтест» өкілдері тарапынан әзірленген тілдік білімді бағалауға арналған тест тапсырмаларымен танысып, өзара пікір алмасты.  

Іс-шараға Білім және ғылым вице-министрі Ш.Каринова, ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің, Мәдениет және спорт министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері мен Мемлекеттік тілді дамыту қорының басшысы А.Шәуеев және Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы «Қырғызтест» мемлекеттік мекемесінің директоры, Батма Топоева-Ставинская қатысты. Сондай-ақ, еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының тілші-ғалымдары, өңірлердегі тілді оқыту орталықтарының басшылары, әдіскерлері, ҚАЗТЕСТ сарапшылары мен әзірлеушілері келді.

Айта кетейік, 2006 жылдан бері елімізде Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының базасында тілдік білімді бағалаудың халықаралық жүйелері талаптарына сәйкес қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ тестілеуі өткізіліп келеді.

0

Пікір қалдыру