Қазгидромет: Желтоқсанның 13-і күнгі ауа райы болжамы – Kyzylorda News
Басты бет

Қазгидромет: Желтоқсанның 13-і күнгі ауа райы болжамы

13.12.2019, 9:00

510 0

Kyzylorda-news.kz. 13-ші желтоқсан күні солтүстік циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Кәсіпорын таратқан ақпараттарға қарағанда, 13-ші желтоқсан күні республиканың кейбір аумақтарында жауын-шашын болады, ал кей жерлерінде жауын-шашын, қар мол көлемде түседі.

Тек Қазақстанның шығысы антициклон жотасының ықпалында болғандықтан, күн жауын-шашынсыз болады. Республикамыздың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді, бұрқасын болады.

Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, түнде бұрқасын, көктайғақ болады.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.

 Түркістан облысында күндіз екпіні 25 м/с жел соғады.

0

Пікір қалдыру