Kyzylorda-news.kz.  «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтері бойынша, Қазақстанның басым бөлігі атлантикалық циклонның ықпалында. Сондықтан еліміздің басым бөлігінде 4-ші ақпан күні жауын, қар жауады.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 4-ші ақпан күні тек еліміздің солтүстік-шығысында ғана антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, елдің солтүстігінде жаяу бұрқасын болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, таңертең және күндіз бірқатар аумақтарда жаяу бұрқасын, көктайғақ болып, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады. Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 17-22 м/с-қа жетеді.

Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с.

 Ақтөбе облысының бірқатар аумақтарында жаяу бұрқасын болады.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды. Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, күндіз екпіні 23-28 м/с болады.

Тағы да оқыңыз: