Қазгидромет: 30 желтоқсан күні еліміздің басым бөлігінде қар жауады – Kyzylorda News
Басты бет

Қазгидромет: 30 желтоқсан күні еліміздің басым бөлігінде қар жауады

30.12.2019, 9:00

325 0

Kyzylorda-news.kz. Желтоқсанның 30-ы күні Қазақстан аумағына Қара теңіз аймақтарынан жылжыған циклон әсер етеді. Соның салдарынан республиканың басым бөлігінде қар жауады, оңтүстікте жауын-шашын болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

Кәсіпорын тартқан мәліметтерге қарағанда, тек еліміздің батысында ғана күн жауын-шашынсыз болады.

Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді, бұрқасын болуы да ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аумақтарында тұман түсіп, бұрқасын, жолда көктайғақ болады. Жел 15-20 м/с-қа күшейеді, түнде Жармин ауданында екпіні 25 м/с жел соғады.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Түнде және таңертең желдің екпіні 15-20 м/с-қа күшейеді.

Алматы, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Актөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Алматы облысының Алакөл ауданында жел 17-22 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын болады.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жел 15-20 м/с-қа күшейеді.

Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

Жамбыл облысында түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.

Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

0

Пікір қалдыру