Қазгидромет: 3 ақпанға арналған ауа райы болжамы – Kyzylorda News
Басты бет

Қазгидромет: 3 ақпанға арналған ауа райы болжамы

03.02.2020, 9:00

330 0

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан осы уақытта атланикалық циклонның ықпалында. Осыған байланысты республиканың басым бөлігінде жауын, қар жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, республиканың батысында күндіз қатты жауын жауады.

Солтүстікте және орталықта аздаған қар жауады, тек елдің шығысында ғана антициклонның әсерінен жауын-шашын болмайды. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, елдің батысында және орталығында жаяу бұрқасын болады.

Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.

Қызылорда, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде де тұман болады. Қарағанды облысында күндіз жаяу бұрқасын болуы ықтимал.

Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы секундына 18-23 метрге жетеді.

0

Пікір қалдыру