Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК-сы Қазақcтанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, 20 қыркүйек күні күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Кей жерлерде оңтүстік, онтүстік-шығыстан жел соғып, күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Жезқазғанда 20 қыркүйек күні күндізнайзағай ойнап, оңтүстік, онтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 70-75%.

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстіктен жел соғады, түнде кей жерлерде күші секундына 15-20 метрге, күндіз 15-20 метрге, екпіні 23-28 метрге жетеді.

Петропавлда 20 қыркүйек күні күндіз оңтүстіктен жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 25 метрге жетеді. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.

Ақмола облысындаоңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың басым бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, екпіні 23 м/с болады.

Көкшетауда күндізоңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Ауа райы болжамының ықтмалдылығы 85-90%.

Тағы да оқыңыз: