Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның құрметті журналисі, денсаулық сақтау саласының үздігі, денсаулық сақтау саласының жоғары санатты ұйымдастырушысы Амангелді Суханберлиев дүниеден озды.

Амангелді Нұғыманұлы талай жанды ажал тырнағынан арашалап қалған білікті хирург, сондай-ақ медицина саласының мамандарын дайындап, тәрбиелеген ұлағатты ұстаз еді. Журналистика саласына да елеулі еңбегі сіңді. Сондай-ақ «Нұр-Жан» журналын шығарып, аймақ баспасөзінің дамуына үлес қосты.

Суханберлиев Амангелді Нұғманұлы 1953 жылы сәуір айының 6-шы жұлдызында Арал ауданы Бөген ауылында көп балалы кедей-шаруа отбасында дүниеге келген. Әкесі Нұғманның 1-ші топтағы зағиптығына байланысты тоғыз баланың тұңғышы Амангелді белі қатпай қара жұмысқа жегіліп, тұрмысы ауыр жанұяның ауыртпалығын арқалап, ата-анасы мен өзінен кейінгі бауырларына қамқор болған. Бөгендегі ВЛКСМ-ның ХХХ-жылдығы атындағы №20 орта мектептің бесінші сыныбының озат оқушысы бола жүріп, 1964 жылдан бастап аудандық «Толқын» газетіне, облыстық «Ленин Жолы», республикалық «Лениншіл жас» – «Жас Алаш», «Халық Кеңесі», «Ара» басылымдарына мақалалары жиі жарияланып тұрған. Орта мектепті бітірген 1970 жылы мектеп дирекциясының аудандық білім бөлімінен арнайы алдырған Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне берген жолдамасынан бас тартып, «Зағип әкемнің көзін емдеп жазамын» деп дәрігерлік жолды таңдаған. Сөйтіп, 1973 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтына түсіп, оны хирург мамандығымен озық дипломмен тәмамдап, бүгінгі күнге дейін денсаулық сақтау саласында жемісті еңбек етіп келеді.

1990 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Журналистер одағының мүшесі Амангелді Суханберлиев ұзақ жылдардан бері денсаулық саласы мен баспасөздегі жемісті еңбегінің нәтижесінде «ҚР Денсаулық Сақтау ісінің үздігі»-1997 жыл, «Ерен еңбегі үшін»-2009 жыл, «Еңбек. Абырой. Құрмет»-2010 жыл, «Денсаулық саласының озық қызметкері»-2011 жыл, «Абай Құнанбаев»- 2012 «Қазақстанның Құрметті журналисі»-2017, «Алтын дәрігер», «Еңбек ардагері»- 2018, «Мәртебе» белгілерінің иегері.

Жоғары санатты дәрігер хирург, денсаулық сақтау қызметінің озық ұйымдастырушысы «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау» министрінің «Құрмет грамотасымен», облыс әкімі мен облыстық мәслихаттың бірнеше дүркін «Құрмет грамоталары» мен Алғыс хаттарымен марапатталды.

Ол өзінің туған жері Арал ауданы Бөген ауылының орталығында бүгінгі замана талабына сай шығыс архитектурасы үлгісімен салынған мешіт құрылысына басты демеушілік жасаған «Нұржан Ишан Ата» атындағы қайырымдылық қоры» Қоғамдық қорының президенті.

Амангелді Нұғманұлы Суханберлиев 2014 жылдан бастап ай сайын шығатын, оқырмандары екі жарым мыңға жуық республикалық ғылыми-көпшілік, рухани-танымдық «Нұр Жан» журналының бас редакторы.

Тағы да оқыңыз: