Kyzylorda-news.kz. Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді, дауыл, күндіз кей жерлерде бұршақ болады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, дауыл, бұршақ күтіледі.
Ақмола, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, Ақмола,Солтүстіқ Қазақстан облыстарының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-21 м/с күшейеді, Жамбыл облысында, күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі.
Павлодар облысының кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді, түнде кей жерлерде тұман күтіледі.
Қызылорда облысында, Түркістан облысының басым бөлігінде, Жамбыл, Алматы, Атырау облысының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.