Kyzylorda-news.kz. Елге сырттан әкелінетін ескі автобустарды мемлекеттік тіркеуге тыйым салынуы мүмкін, “Хабар 24”.

Бұл жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасалады. Сондай-ақ жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпорындар көлік паркін жаңартуды қолға алады. Бұл талап экологиялық ақуалды жақсартуға да мүмкіндік береді. Жаңа норма 2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі.

Бүгін Мәжіліс «Кейбір заңнамалық актілерге жол жүру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады. Мемлекет басшысы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында көлік жүргізушілеріне қатысты мәселе көтерген еді. Яғни полиция жүргізушінің куәлігінің бар-жоғын дерекқор арқылы тексере алады. Бұрын қолданылған әкімшілік жауапкершілік алынып тасталады. Заң қабылданғаннан кейін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске де өзгеріс енгізіледі.

Тағы да оқыңыз: