Kyzylorda-news.kz. 13 ақпанда жаңа заң күшіне енеді. Оған сәйкес, Қазақстанның жүргізушілеріне жүргізуші куәлігі мен тіркеу куәліктерін өздерімен бірге алып жүрмеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Stan.kz.

Нұр-Сұлтан полициясы әкімшілік жауапкершілікті жеңілдететін немесе алып тастайтын заңның кері күші бар екенін, яғни осы заң күшіне енгенге дейін жасалған және оған қатысты әкімшілік жаза қолдану туралы шешім қабылданбаған құқық бұзушылыққа қатысты екенін түсіндірді.

Сәйкесінше, заң күшіне енгенге дейін құжаттардың болмауына байланысты айыппұлын төлемеген жағдайға қатысты барлық істер тоқтатылады.

“Мұндай жағдайлар мәжбүрлеп орындауға жатпайды. Сонымен қатар, мұндай істер тек құқық бұзушылардан тиісті мәлімдемелер түскен жағдайда және олар бойынша жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша тоқтатылуы керек”, – деп түсіндірді ДП.

Түзетулер шетелдік нөмірлі автомобильдерге, сондай-ақ жүргізуші куәлігін Қазақстаннан тыс жерлерде алған адамдарға қолданылмайды. Олар үшін жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәлікті ұсыну міндетті болып қала береді.

Тағы да оқыңыз: