Kyzylorda-news.kz. Қазақстандықтар 90 күн мерзімі өткен соң Ресейге келу мен қайту уақытын ұзарта алады, деп хабарлайды Stan.kz. 

Ол туралы ақпаратты РФ Сыртқы істер министрлігі ТМД елдерінің үшінші департамент директоры Александр Стерник мәлімдеді.

ҚР Сенат спикері Дариға Назарбаева қазақстандық азаматтардың Ресейге бару мәселесі бойынша келіспейтін пікірі бар екенін айтқан болатын. Ресейліктер Қазақстанда 90 күн жүріп, елден шығып бірден қайта орала алады, ал Қазақстан азаматтары Ресейде 90 күн жүрсе, елден 90 күнге тағы кетуі керек. Яғни, сапар арасы 90 күнді қамтуы міндет. Сондай жағдайда ғана Ресейге қайта кіруге мүмкіндік бар.

“Бүгін Қазақстан азаматтары ресми жұмыс істеп немесе елімізде оқып жүрсе, Ресейде 90 күннен артық жүруге құқы бар. Расыменде, Қазақстан тарапынан жеке мақсатпен Ресейге аттанатын өз азаматтарына байланысты жүріп-тұру ережесін өзгерту туралы сұраныс болды”, – деді Александр Стерник.

Айтуынша, аталған мәселе екі тараптың СІМ телефон арқылы қарастырылды. Қазіргі уақытта “Ресей Федерациясындағы шет ел азаматтарының құқығы туралы” федералды заңға түзетулер енгізу мәселесі талқылануда.

“Түзетулердің негізі Ресейге келетін шет ел азаматтарының қалыпты мерзімін ұзарту мен нақтылауға бағытталған”, – деді Стерник.

Тағы да оқыңыз: