Kyzylorda-news.kz. Өткен жылы еліміздің газ тұтыну көрсеткіші 15 миллиард текше метрге жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдағы уақытта бұл одан әрі жоғарыламақ. Осы мақсатта «ҚазТрансГаз» компаниясы жаңа газ өңдеу нысандарын салуды жоспарлап отыр. Сарапшылар  көгілдір отын жүйесін дамыту республика үшін табысты болатынын айтады. Себебі соңғы бес жылдың өзінде инвесторлар еліміздің  газ тасымалдау және жаңа тасымал бағыттарын ашу мақсатында 1 триллион теңгеден артық қаржы құйған. Осының арқасында газ тасымалдайтын құбырлардың ұзындығы 23 процентке ұзарып, Орталық Азиядағы ең ірі газ жолының біріне айналды. Ал тұрғындарды газбен қамту саласына келер болсақ, биыл ел тұрғындарының 50 процентке жуығы көгілдір отынға қол жеткізді. Яғни 9 миллион тұрғын  және 48 мың кәсіпорын табиғи газға қосылған.

Тағы да оқыңыз: