Қазақстандықтар 15 күнде жарты миллионнан астам пойыз билетін өткізген – Kyzylorda News
Басты бет

Қазақстандықтар 15 күнде жарты миллионнан астам пойыз билетін өткізген

27.03.2020, 15:20

447 0

Kyzylorda-news.kz. Қазақстандықтар 15 күн ішінде жарты миллионнан астам теміржол билетін қайта өткізген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпаратына сәйкес, жолаушылар пойызына билеттерді қайтару жағдайы тұрақтанды.

«Қазіргі таңда «Жолаушылар тасымалы« АҚ билет кассаларына 3,6 млрд теңгеге жол жүру құжаттары тапсырылды. 12-26 наурыз аралығында қазақстандықтар 578 мың теміржол билетін қайта өткізді», – деді министрліктен.

Бүгінде теміржол вокзалдарында пайдаланылмаған билеттерді қайтару туралы хабарландыру таратылуда.

«Сондай-ақ теміржол қызметкерлері жолаушыларға билет кассаларының жанында бір-бірінен кемінде екі метр қашықтықты сақтау қажеттігі туралы әңгіме өткізеді. Пойыздарда жолсеріктер міндетті түрде жолаушылардың денсаулық жағдайын нақтылайды. Қатаң кесте бойынша вагондар тазаланып тұрады және дезинфикация ережелері сақталуда», – делінген ақпаратта.