Қазақстандық жұмыс іздеушілер қандай ақпараттарды білуі тиіс? – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қазақстандық жұмыс іздеушілер қандай ақпараттарды білуі тиіс?

20.11.2019, 17:00

325 0

Kyzylorda-news.kz. Жұмыс берушілерді бос лауазымдардың бар екендігі, жұмысқа қабылданғаны немесе жұмысқа орналасудан бас тартылғаны туралы Жұмыспен қамту орталығына хабарлауды міндеттеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұдан былай, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №482-V «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 28-бабы 2-тармағының 1 тармақшасына сәйкес жұмыс беруші Халықты жұмыспен қамту орталығына бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) бар екендігі туралы мәліметтерді еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, олар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша түрде немесе «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы жiберуге міндетті. Осыған ұқсас талаптар жұмысқа қабылданған немесе жұмысқа орналасудан бас тартқан жағдайда да қойылады.

Тиісті мәліметтер мен хабарламаларды жұмыс беруші www.enbek.kz интернет-ресурсында (барлық ақпарат https://www.enbek.kz/docs/ru/faq сілтемесі бойынша қолжетімді) орналастыру арқылы бере алады.

Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы хабарлағандай, бұл электронды форматта көрсетілетін қызметтерді арттыру, сондай-ақ жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту бойынша есеп беру кезіндегі жұмыс берушілердің шығындарын қысқарту мақсатында жүзеге асырылады. «Еңбек биржасы» бос лауазымдар туралы ақпаратты орналастыруға немесе ізденушілер туралы деректерді алыстан, мүлдем тегін алуға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.

Бұл ретте, Заңның талаптарын сақтамау Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 98-бабында көзделген жауапкершілікке әкеп соқтыратынын ескеру қажет.

0

Пікір қалдыру