Kyzylorda-news.kz. Жыл басталғалы Ален Ниязбековтің «Кореядағы қазақша бизнес» отандық комедиялық фильмі кинопрокатта көш бастап тұр, деп хабарлайды [«Хабар 24»](http:// https://24.kz/kz/zha-aly-tar/m-denie/item/367990-aza-standy-kinoprokatta-y-zho-ary-s-ranys-a-ie-filmder-ataldy).

Одан кейінгі орынға ресейлік «Құл» комедиясы жайғасқан.

Ticketon.kz порталы бойынша, америкалық «Камуфляж және тыңшылық» анимациялық фильмі үздік үштікте.

Алайда фильмдер мен теледидар бағдарламаларын өндіру қызметтері былтырғы жылдың үш тоқсанында 41,2 млрд теңгені құрады.

Ал Қазақстан бойынша кино билеттерінің орташа бағасы қаңтар айында 1244 теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,7%-ға артық.

Еліміздің ірі қалалары мен мегаполистерінің көпшілігінде, оның ішінде елордада кинотеатрларға бару құны өзгермеген.

Тағы да оқыңыз: