Қазақстандағы имамдар қанша жалақы алады? – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қазақстандағы имамдар қанша жалақы алады?

14.11.2019, 15:00

372 0

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда бүгінде 3 мыңға жуық мешіт бар. Онда 6 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. Оның ішінде 3 826 дін қызметкері ғана айлық алады, деп хабарлайды Stan.kz

Еліміз бойынша имамдарға 20 мен 100 мың теңге аралығында жалақы тағайындалған. Дін қызметкерлеріне берілетін жалақы 4 категория бойынша жүзеге асады. 

«Олар – облыстық мешіт, қалалық мешіт, аудандық мешіт және ауылдық мешіт. Облыстық мешіттегі қызметкерлер жұмыс жүктемесіне байланысты 100 мың теңге алады. Ал қалалық мешіттегілерге тағайындалған жалақы – 70 мың. Аудандағы имамдар 50 мың теңге алады. Ал ауылдағы дін қызметкерлеріне 30 мың теңге жалақы тағайындалған», – деді Серікбай қажы Ораз. 

Айлық Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет» және «Қажылық» қорларынан және мешіт шығындарынан (коммуналдық төлемдер) артылған қаржы есебінен айлық беріледі. Бүгінде болашақта барлық имамды жалақымен қамтамасыз ету туралы мәселе жоғары деңгейде қарастырылып жатыр. 

«Қоғамның ағартушы тобына жататын имамдардың жанқиярлық қызметін ескеріп, оларға әлеуметтік тұрғыдан қолдау жасау – діни саладағы басты мәселенің бірі деп айтар едім. Әсіресе, 100-ге жуық түзеу мекемелерінде жұмыс істейтін дін қызметкеріне тұрақты жалақы тағайындалса деген тілегіміз бар. Бұл адам тағдырына жуапкершілікпен қарап, есеп үшін емес, елдің игілігі жолында қызмет етіп жүрген дін қызметкеріне көрсетілген қамқорлық, әділ баға болар еді”, – деді Бас мүфти. 

0

Пікір қалдыру