Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда медициналық ұйымдарда карантиндік шаралар күшейтілді – карантин жарияланды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

«Бүгіннен бастап барлық медициналық ұйымдар – ауруханалар, медициналық және әлеуметтік нысандар, қарттар үйлері, интернаттар – карантинге жатқызылды, демек, бұл мекемелер мен ұйымдарға баруға тыйым салынады», – деді министр.

Іс-шаралар мекемеде жатқан науқастарды қорғауға бағытталған.

Сонымен қатар, аталған медициналық ұйымдарда санитарлық-карантиндік шаралар күшейтілуде.

«Оның ішінде фото және видео түсіруге тыйым салынды», – деп толықтырды Біртанов.

Тағы да оқыңыз: