Kyzylorda-news.kz. №1 ХҚКО-да «Азаматтарға арналған үкіметтің» төрағасы Сүйеніш Әбділдин жеке куәлік беретін автоматтандырылған терминалды көрсетті.
Терминал биометриялық жүйемен жабдықталған, суретке түсіру функциясы бар, интерфейсі де түсінікті. Сол арқылы куәлікті алуға өтініш беріп, суретке түсіп, қолтаңбаңыздың үлгісін қалдырып, QR-кодпен мемлекеттік бажды төлеуге болады.