Kyzylorda-news.kz. Осы жылдың соңына дейін елімізде жаңадан денсаулық сақтау кодексі қабылданады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазар заң жобасын Парламент Мәжілісіндегі жұмыс тобы талқылап жатыр. Жаңа кодекс қабылданса, денсаулық саласында бірқатар оңды өзгеріс болады. Әсіресе медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеруге арналған баптар енгізіледі. Парламент Мәжілісінің депудаттары Өскемендегі «Ана мен бала» орталығы ұжымымен кездескенде, осы кодекс туралы айтып берді. Әлеуметтік саланы әлдендіруге байланысты жоғарғы заң шығару органының атқарып жатқан жұмысына тоқталды. Әсіресе биылдан бастап күшіне енген міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыруға қатысты сауалдарға да жауап берді. Ауылды жерлердегі емханалардың материалдық базасын нығайтып, дәрігер мамандарды дайындаудағы ерекшеліктерге тоқталды.

«Мұның барлығы дәрігерлердің істеп жатқан жұмыстары сапалы болу үшін. Және білім алған кезде академиялық бостандық беріледі.  Соған байланысты практика көбірек болу керек. Дәрігерлерге клиникалық тәжірибе қажет. Сол мәселені қарастырып жатырмыз», – дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанат Омарбекова.

Тағы да оқыңыз: